4 мыңға жуық кентаулық «Еңбек» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасты

24

Түркістан облысы, Кентау қаласында ағымдағы жылдың басынан «Еңбек» бағдарламасы аясында 3979 адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша 482 азаматқа қолдау көрсетілу керек болса, бүгінге дейін олардың 314-і тұрақты жұмыстарын тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаладағы 139 тұрғын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курсын оқып, 45-і шағын несие алған. Ал, 130-ы мемлекеттік грант иегері атанған. Сондай-ақ, биыл бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша 6103 адам қамтылады деген жоспар бар.
Айта укетейік, бүгінгі күнге дейін 3665 азаматқа көмек көрсетіліп, оның 1623-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Тағы 143 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 500-і жастар практикасына және 1399 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қала бойынша 62 жоба жүзеге асырылған. Нәтижесінде 223 жаңа жұмыс орын ашылып, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 130 адам тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылып отыр.