730 қазақстандық шетелдерде түрмеде отыр

46

Бүгінде 735 қазақстандық шетелдердегі түрмеде отыр. Мұны Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жария етті.

Тұтқындарды алмастыру бойынша халықаралық келісімшарт 21 мемлекетпен жасалған. Алдағы уақытта Өзбекстан, Кипр, Доминикан Республикасымен осындай келісімге келуді көзделіп отыр. Шетелде жазасын өтеп жатқан жерлестердің басым көпшілігі Ресейде екен. Ал біздің түрмеде Өзбекстанның 400 азаматы отыр.

Марат АХМЕТЖАНОВ, Бас прокурордың орынбасары: «Олар біздің елдің азаматтары саналғанымен олар сонда жұмыс істеген, отбасыларын сонда көшіріп, сол жақта өмір сүрген азаматтар. Олар қайтып келем десе, мүмкіндіктері бар. Екі елдің келісімшарты негізінде қайта алады. 2019-2020 жылы Ресей тарапынан үш азаматтың қайтарудан бас тартылды. Алдымен шығынды өтеуі керектігін алға тартты. Біз қазір мұндай келісімді Өзбекстанмен жасауды көздеп отырмыз. Себебі онда біздің 24 азамат түрмеде жазасын өтеуде. Ал біздің түрмеде Өзбекстанның 400 азаматы отыр. Егер осы келісімшартқа қол жеткізсек, бізде жазасын өтеушілерді өзара алмасу мүмкіндігі пайда болады».

Мақпал РЫСБАЕВА