Аз қамтылған отбасыларындағы оқушыларға компьютер берілді

601

Шымкентте оқушылар санынан көш бастап тұрған Абдраш Назарбеков атындағы №87 мектепте аз қамтылған көпбалалы отбасылары- 495. Ондағы 1 мыңнан астам баланы жаңа оқу жылына дайындау мақсатында ата-аналарына 30 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Сонымен қатар, оқулықтар да үлестірілуде. Былтырғы оқу жылында білім ошағында 4 мыңнан астам оқушы 3 ауысымда дәріс алса, биыл 2 ауысымға көшті. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 500 бала қабылданыпты .

Мектеп қабырғасында оқуға 212 ата-анадан өтініш түсіп, кезекші 14 сынып құрылып, балалар  мектепте  сабақ оқуда. Ал қалғандары қашықтықта дәрістерін жалғастырады. Компьютермен қамтылу жағы да ойластырылған,-дейді мектеп директоры .
Айгүл Қаппарова, Абдраш Назарбеков атындағы №87 мектептің директоры: » 495 отбасындағы 1 мың бала мектеп тарапынан компьютерлермен қамтылды. Бұдан бөлек үнемделген қаржы есебінен интернетке қосылуына мүмкіндік жасадық».

Шынар Оразова