Білім саласы шығындарын сайттан көруге болады

221

Мектептерді жан басына қаржыландыру жүйесі алдағы уақытта толығымен ретке келтіріліп, шығындардың бәрін арнайы сайттан көріп отыруға болады.Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Айтуынша, бір компьютер сатылып алынса да – ол қандай, фотосы бар ма, актісімен бірге бәрі ілініп тұрады. Сонда ғана қоғамда білім саласына қатысты теріс ойлар болмайды деп санайды министр. Қазір SEDA деген сайт бар. Сонда әр мектепте неше баладан бар – барлық ақпаратты енгізіліп отыр. Сол сайтта қаржыландыру мәселесі де бөлек қаралатын болады.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ,ҚР Білім және ғылым министрі: «Біз білім саласының қаржыландырылуының ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Біріншіден, бөлек бюджеттік бағдарламаны іске асырған дұрыс. Білім саласына бөлінген қаражаттың дұрыс бағытта жұмсалып жатқанын бақылап отыратындай мүмкіндік болуы тиіс. Екіншіден, қай өңірге жергілікті атқарушы органнан қаражат жеткіліксіз бөлінді – оны ай сайын қарап, қадағалап, сайтқа іліп отыру керек. Оны қоғам білуі тиіс. Үшіншіден, қазір азаматтық бюджет деген ұғым бар. Әр мектептің, әр облыстың бюджеті, шығындары міндетті түрде сайттарында ілінуі керек. Бір компьютер сатылып алынса да – ол қандай, фотосы бар ма, актісімен бірге бәрі ілініп тұрады. Сонда ғана қоғамда білім саласына қатысты теріс ойлар болмайды».

Мақпал Рысбаева