Мақтаарал: Фирдоуси ауылы тәулік бойы таза ауыз сумен қамтылды

461

Жалпы Мақтааралдағы 68 елдімекеннің 40 ауылында ауыз су желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Қазіргі таңда мұнда 24 сағат ауыз су беріледі. Қалған елдімекендерде сәулет жоспарлау тапсырмалары әзірленуде.

Оның 3 елдімекеніне жобалық- сметалық жұмыстары аяқталып, Фирдоуси елдімекеніне ауыз суды тазалау жұмыстары аяқталды. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен 457 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Нәтижесінде 340 отбасы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Алдағы жылы қалған елдімекендерде жаңа құрылғылар орнатылатын боладыү. Бұл туралы Мақтаарал аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар жолдары және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Егембердиев мәлімдеді.

«Бұл – толығымен автоматтандырылған жүйе. Бірінші мұнараға су толтырылып, толған кезде бірден өзі өшеді. Одан кейін дәл осы жүйе ауыл тұрғындарына қарай таза су береді. Жарық сөніп қалған жағдайда, генератор іске қосылады. Яғни, техника өз жұмысын 24 сағат бойы тоқтатпайды. Бұл жерде екі фильтр орнатылған. Дәл осы сапалы сумен қамту нысанында 4 қызметкер кезекшілік режимде жұмыс істейді»,-деді сектор меңгерушісі.