Шымкент мейрамханасындағы атысқа қатысты бес күдікті ұсталды. Полиция өзгелері іздестіріліп жатқанын хабарлайды
Бұған дейін департамент өкілдері 3 күдіктінің құрықталғанын мәлім еткен. Олар Алматы қаласында ұсталған. Кінәсін мойындаған.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Шымкент қаласында Қ. Қазиев көшесінде орналасқан «Гранд-Прага» мейрамханасында атыс болып, екі адам жарақат алған болатын. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілген еді.
Мақпал Рысбаева