Праймериз қатысушыларының ашық пікірталасы басталды

115

Шымкентте праймериз қатысушыларының алғашқы пікірталасы өтті. Оған Абай ауданынан сайлауға түскен үміткерлер келген.

Алдымен сөз кезегін алған 5 кандидат алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Бірі аудандағы ақсап тұрған коммуналдық жүйені ретке келтірем десе, екіншісі мектеп пен балабақша ашуды алға қойыпты.

Ерболат Нұрмаханов, үміткер: «Абай ауданында шешілмеген мәселе көп. Солардың бірі мектептердің тапшылығы. Аудандағы «Ақниет» шағынауданында ешқандай да білім ұясы қарастырылмаған. Кесірінен оқушыларға жан-жаққа барып білім алуға тура келеді. Біз осы мәселені шешу үшін білім басқармасына сұраныс тастадық. Енді жер басқармасындағылар бос жерді қарастырып, келесі жылы құрылыс бастала ма деп күтіп отырмыз».

Айта кетейік, аудандағы кандидеттар пікірталасы 3 күнге жалғасады. Өз пайымдарын дәлелдеп, жеңіске жеткісі келетін үміткерлер саны 42. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлер, жастар мен қыз-келіншектер. Дауыс беру қазанның 1 мен үші аралығында өтпек. Ал, жеңімпаздар есімі 5 қазанда анықталады.

 

                                                                                             Назерке Үкібасова