Қазақстанда қай салықтар қысқаратыны белгілі болды

273

Қазақстанда қай салықтар қысқаратыны белгілі болды. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кей салықтарды оңтайландыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Екі салықты бір төлемге біріктіру мен бір салықты жою бойынша ұсыныстар даярланған. Жеке адамдардың мүлік және жер салығын біріктіру ескерілген. Бұл өз кезегінде түбіртек толтыру, банк комиссиясы секілді шығындарды қысқартады», – деді министр.

Сонымен қатар, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады.

«Осы орайда бұл қадамдар 3 млн салық төлеушіге қатысты болады. Мұнымен қоса, жаңа ұсыныстар бөлек қаралады, яғни еңбекақы төлеу қорынан салықты ұстап қалу бағыты пысықталады. Осы орайда бір төлемге біріктіруді қарастыруға болады, бұл қадам шағын орта бизнес үшін төлем жасауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Мақпал Рысбаева