Қоғамдық көлік сенбі күні де жүреді

150

Шымкентте қоғамдық көліктер сенбі күні де жүретін болды. Бұл рұқсатты қаланың бас санитары жаңа қаулыда бекітті.

Сөздерінше, оған жұмысын алты айдан кейін бастаған жәрмеңке себеп болған. Бұдан бөлек енді алтыншы күні ашық аспан астындағы базарлар да жұмыс істейді. Осылай деген департамент басшысының міндетін атқарушы жексенбі күнгі шектеулерді де жеңілдету жоспарда барын айтады.

«Шымкенттегі эпидемиологиялық ахуал бойынша комиссия мүшелері сенбі күні қоғамдық көліктерді жүргізуге шешім қабылдады. Себебі сенбіде жәрмеңке өткізуге, ашық аспан астындағы базарларды ашуға рұқсат берілді. Енді жексенбі күнгі шектеулер шарасын жеңілдетуді қарастырамыз. Ал, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күнін алдағы жағдай көрсетеді»- деді Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Назерке Үкібасова