Шымкентте жалған шот-фактура жасаған қылмыстық топ ұсталды. Олар іс-жүзінде жұмыс орындамай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп жөнелтпей, шот-фактура толтырумен айланысқан.
Құны 615 млн. теңгені құрайтын іс-қағазын толтыру үшін 4 азамат 40 млн. теңге сыйақы алмақ болыпты. Қылмыс үстінде ұсталған азаматтар Абай аудандық сот үкімімен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды.
Назерке Үкібасова