Үстемақы үшін тағы да қаржы бөлінеді

198

Медицина қызметкерлеріне үстемақы беру үшін тағы да қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін еліміздің бас дәрігері мәлімдеді.

Қосымша бөлінген 150 млрд теңге дәрігерлерге үстемақы ретінде жыл соңына дейін берілмек. Осылай деген Алексей Цой Қазақстанда тағы 13 жұқпалы аурулар ауруханасының ашылатынын айтады.

Айта кетейік, наурыз айынан бері медицина қызметкерлерінің үстемақысы үшін 59 млрд теңге бөлінген болатын.

 Назерке Үкібасова