Шымкент: Автобустардағы дифференциалды тариф 9 қарашаға дейін ұзартылды

127

 

Шымкентте қоғамдық көліктерде дифференциалды тариф 9 қарашаға шегерілді. Бұл туралы бүгін қала әкімнің орынбасары Махсұт Исахов мәлімдеді.

Бастапқыда бұл тарифке бірінші қарашадан бастап ауысу жоспарланған болатын. Қала басшысының шешімі бойынша мерзімі ұзартылып отыр. Дифференциалды тарифке сай қоғамдық көлікпен жүру құны 100 теңге, ал «Tolem» картасы арқылы 70 теңгені құрайды.

Махсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бүгін қала әкімі жиналыс өткізді. Қала тұрғындарының карточкаларды сатып алуда белсенділік танытпай отыруына байланысты дифференциалды тариф бір аптаға кейінге қалдырылды. Осыған дейін 31 мың дана карта сатылды. Әкім тұрғындардың ыңғайсыз жағдайда қалмауы үшін осындай шешім қабылдап отыр».

Мақпал Рысбаева