Әлеуметтік желілерде «бетперде таратқан еріктілер пәтерлерге ұрлыққа түсуде» деген ақпарат тексеріліп жатыр

146

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан «бетперде таратқан еріктілер пәтерлерге ұрлыққа түсуде» ақпаратты тексеріп жатыр.

Өз кезегінде Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешов осыған ұқсас жағдай қала аумағында орын алмағаны туралы ресми түрде хабарлады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары жүргізіп жатқан профилактикалық шараларының нәтижесінде қылмыс жасау көрсеткіші 64 пайызыға азайып, қылмыстың ашылуы – 6,1 пайызды көрсетіп отыр. Жалпы пәтер ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда төмендеп отырғанын атап кетті.

Жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі