Облыстық ауруханаға белгілі дәрігер Мұқан Егізбаевқа ескерткіш тақтасы орнатылды. Өмірінің соңғы жылдарында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған ол осы жылдың басында қатерлі дерттен көз жұмған еді. Енді міне талай жыл бойы өзі басқарған облыстық ауруханаға ескеркіш тақтасы орнатылып, мұражайы ашылды.
Ашылу салтанатына марқұмның әкесі, туған-туыстары мен үзеңгілес достары, әріптестері де келді. Айта кетейік 41 ғылыми жұмыстың авторы еңбек жолын педиатор қызметінен бастаған. Кейін қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, дермантовенерологиялық диспансерді, облыстық клиникалық және балалар ауруханасын басқарды.
Назерке Үкібасова