«ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і Таскенде жаңа трансформатор қондырғыларын орнатуда

416

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і «Таскен» тұрғын алабында электр желілерін тартып, жаңа трансформатор қондырғыларын орнатуда.

Бұған дейін жекенің жарығын пайдаланып келген жұрт қымбат бағаға мардымсыз қуат алып, жиі сөну салдарынан талай тұрмыстық техникадан айырылғанын айтады. Енді энергетиктер жаңа заманауи желілер мен қуатты трансформаторларды ел игілігіне тапсырмақ.
«Оңтүстік ЖарықТранзит» мекемесінің мамандары » Таскен» тұрғын алабындағы Балқыбеков пен Аққорған көшелерінің қиылысында трансформатор қондырғысын орнатуда. Қуаттылығы 630 киловольтты құрайтын құрылғы осындағы біраз жұрттың әжетіне жарамақ. Энергетиктер мұнда жаңа электр бағаналарын да орнатып, желілерін тартқан.

Ережеп АРТЫҚБАЕВ, Шымкент қаласы «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны: «Электр жарығын беріп жатқанына ризамын. Неге десеңіздер, 2009 жылы өзім бас болып жеке трансформатор тартқызған мен едім. 8 көшеге төраға етіп сайлаған. Қаншама қиыншылықтар бастан өтті. Өшіп қалатын, барлық нәрсе күйіп кетті, тұрмыстық техника. Ақыры әр жерге шапқылап, арыздандық. Өздеріңіз көріп тұрсыздар жаңа траснформатор қойып берді рахмет «Оңтүстік Жарық Транзит» орнатты».

Энергетиктер бүгінге дейін мұнда 6 трансформатор орнатып, электр энергиясын тарататын бағаналар мен оның желілерін жүргізген. Мамандар инвестициялық бағдарлама аясында әлі де жаңарту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Себебі, «Таскен» тұрғын алабындағы халықты сапалы электр жарығымен қамту жағдайы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігімен 3 кезеңге қаралған.

Марат БАҚТЫБАЕВ, «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС-нің қала аумақтық тарату жүйесінің бас инженері: «Үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңі 2019 жылы біз, ұзындығы 12  шақырымды құрайтын электр желісі, 3 трансформатор қонырғысын орнатып, абоненттеп қойдық. Екінші кезеңі қазір, жұмыстары бітіп жатыр, трансформатор қойып жатырмыз. Бұл жерде 540 абонент бар».

«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің энергетиктері елдімекенді электр жарығымен қамтудың үшінші кезеңіне жоспарланған жұмыстарға кірісіп кеткен. Тұрғын алаптағы Ақселеу және Түгейболат көшелеріне жаңа бағаналар орнатуда. Қуаттылығы 250 киловольтті құрайтын мұндағы жаңа трансформатор осы төңіректегі тұрғындарды тәулік бойы электр энергиясымен жоғары деңгейде қамтуға мүкіндік береді. Жалпы Таскен тұрғын алабында энергетиктер ұзын саны 12 трансформаторды орнатуды жуырда толықтай аяқтаймыз деп отыр.

Шынар Оразова