«Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС-і инвестбағдарлама бойынша есеп берді

37

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -і ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірге ұйымдастырылған баспасөз турына облыс пен қаладағы қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты. Бүгінде компания Түркістан облысы мен Шымкент қаласы тұтынушыларын электр энергиясымен үздіксіз қамтып отыр.

Бүгінгі таңда абоненттердің жалпы саны 670 мыңға жуық. Оның ішінде Шымкент қаласы бойынша 238 449. Тұтынушылар есепке алу құрылғыларымен 100 пайыз қамтылған. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -і 2016-2022 жылдарға қабылдаған инвестициялық бағдарламада 2021 жылға жоспарланған міндеттерінің орындалуын, жаңғыртудан, жөндеуден өткен нысандардың басында көрсетіп, баяндады. Олардың бірі Түркістан облысында ең халық көп шоғырланған Сайрам ауданындағы Қожақорған тұрғын алабындағы 35/10 кВ «Тәуелсіздік 30 жыл» атындағы қосалқы стансасы.

Архабай Тастанов, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-інің техникалық директоры: «Осында 11 мың 100  абонент бар. Солардың 3 мыңы осы жаңа қосалқы стансасынан электр энергиясымен қамтылған. Стансадағы  жабдықтардың басым бөлігі отандық Кентау трансформатор зауытынан».

Самидин Монтаев, «Оңтүстік Жжарық Транзит» ЖШС-нің өндірістік-техникалық қызметтің бастығы: «35 /10 киловольтты қосалқы стансасының құрылысына  236 млн теңге жұмсалды. Механикалық жаңа элегаз ажыратушыларына жаңаланды. Қазір қосалқы стансасынан  барлық ақпарат ОЖТ-га  тікелей жеткізіледі. Сонымен қатар, бұл қосалқы стансасында 2 трансформатор орнатуға орын бар.  Бұл стансадан Қарабұлақ, Арыс ауылдық округтерінің тұрғындары үздіксіз сапалы электр жарығын алады.Сонымен қатар Көлкент ауылдық округінің бірқатар елдімекендері «.

Энергетиктер инвестбағдарламаға сәйкес, былтыр Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабындағы 110-10 кВ қосалқы стансасында да жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Тозығы жеткен ескірген құрылғылар замануи жабдықтармен жаңаланды.

Самидин Монтаев, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің өндірістік-техникалық қызметінің бастығы: «2021 жылы инвестициялық бағдарлама аясында модернизация жасалды. Сайрам» қосалқы стансасы 1973 жылы іске қосылған. Ескі құрылғылар заманауи элегаз110 екі ажыратқышқа алмасытырылды. Қосалқы стансасы электр энергиясын «3-Энергорталығынан» алады. 2 110 электржелісі  121.122 желілері  сол бөлек істейді. Енді олардың арасына екеуін  қосатын ажыратқыш орнаттық. Ол апатты жағдайдың алдын алуға, үздіксіз электр жарығын беруге мүмкіндік береді. 12 мың абонент электр энергиясымен қамтылған «.

Айбек Егембергенов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Бүгінгі  өткізіп отырған баспасөз туры медиа- жоспарға сәйкес, дәстүрлі түрде өткізіп тұрамыз. Тарифтерді инвестбағдарламадағы міндеттердің орындалуы. Барлығы ашық, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен».

Компания бес жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында өткен жылы республикалық маңызы бар қалалар мәртебесіне ие Шымкенттегі Еламан тұрғын алабында 0,4-6 кВ желілерінің құрылысын жүргізді. Трансформатордың қуаттылығы 250 кВА, елдімекенде жалпы ұзындығы төрт шақырымнан асатын электр желісі тартылып, 116 дана бағаналар орнатылды. Заманауи жабдықтар тұтынушылардың үздіксіз сапалы электр жарығын алуына толық мүмкіндік береді дейді сала мамандары.

Сонымен қатар, инвестбағдарламаға сәйкес былтыр қаладағы Әл- Фараби ауданындағы Ақбастау көшесіндегі 1981 жылы пайдалануға берілген қуаттылығы 160 кВА траснформатор қуаттығылы 400 кВА-ға жаңаланды. Жұмыс барысында 86 дана тозығы жеткен ағаш бағаналар заманиу темірбетонды бағаналарға алмастырылды.

Ұзындығы 2 шақырымға жуық электр желілері де жаңғыртылды. Айта кететін жәйт «Оңтүстік ЖарықТранзит» серіктестігі 2016-2022 жылға қабылдаған инвестициялық бағдарламасы биыл аяқталады. 2022 жылға түзілген іс шаралардың орындалуы бойынша компания есепті міндетті түрде алдағы уақытта береді.