Қарттарға құрмет көрсетілді

152

Қарттар күнін Валентина Куликова әзілдеп «жастар күні» деп атайды. «Отырар» медиахолдигінің негізін қалаған ол еңбек демалысына кетсе де, іскерліктен қол үзбеген. Тек бүгінде оның қызметі басқа бағытқа ауысқан. Валентина Купряновна сөзінше, оның мұндай өмір екпініне өмірсүйгіштігі себеп.

Валентина Куликова, ОҚО құрметті азаматы: «Білесің бе, менің жасым мені алға ұмтылдырады. Мен жұмыс нәтижесін тезірек көргім келеді. Осылайша өмір сүремін».

Қарттарды Шымкент қаласының әкімі де құттықтап қайтты. Мұрат Әйтенов ҰОС, тыл ардагерлері мен егде жасқа келген өзге де қарияларға арнайы барды. Және алғыс хаттар табыстады. Солардың бірі – Нина Лычагина. 1946 жылы мектеп бітірген соң ол сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысына көшіп келген. Кейін тұрмысқа шығып, Шымкент қаласында тұрақтап қалыпты.

1- қазан күні шымкенттіктер де қарттарды құттықтаудан қалыс қалмады. Бірі тілектерін жаудырса, екіншісі ән арнап сәлем жолдады.

Қазақстанда 60-тан асқандар қарттар есебіне кіреді. Ал, олардың саны жыл санап артып келеді. Бүгіннің өзінде Қазақстанда 2 млн аға буын өкілі бар екен.

Назерке Үкібасова