Сайрам: Баспана мәселесі ескі тұрғын үйлердің есебінен шешілуде

186

Сайрам ауданында 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана берілді. Оларға аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Аудандағы осыдан 36 жыл бұрын салынған коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимарат биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Қазір замана талабына сай жасақталған тұрғын үйге баспана кезегінде тұрған 184 тұрғын жайғасты.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84 млн. теңге қаражат жұмсалған.

Макпал Рысбаева