Шұлығына есірткі жасырған…

110

 

Бүгінде Түркістан облысының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен қылмыстың алдын алу үшін күні түні тынбай еңбек етуде. Жуырда Сайрам ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері түнгі рейд іс-шарасы барысында жолда келе жатқан жаяу жүргіншіні ұстады. Күдік тудырған  азаматты тоқтатып, әңгімелесу жүргізді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішкендігі анықталды.

Оны тінту барысында күдіктінің сол аяғына киген шұлығынан ақ параққа оралған есірткі затына ұқсас зат табылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.

Алынған айғақты заттар сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша оның кептірілген «марихуана» екендігі белгілі болды. Салмағы 1 грамнан астам. Бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Қазіргі таңда күдікті азаматтың өзгеде қылмыстарға қатысы бар жоқтығы анықталуда.

Осы уақытқа дейін есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілгенімен есірткіге елітетіндердің қатары азаймай отыр.