Су сапасы бойынша Қазақстан 54-орында

248

Қазақстан бүгінде судың сапасы бойынша әлемдегі 179 елдің рейтингісінде 54-ші орында тұр. Елімізге жеткізіліп отырған тіршілік нәрінің көлемі биыл қаңтар-қыркүйекте 2,2 млрд. текше метрді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға көп дейді мамандар.

Жергілікті халыққа жеткізіліп отырған ауыз судың көлемі биыл 1 пайызға, ал ішуге жарамсыз судың көлемі керісінше 2 пайызға өскені байқалып отыр. Айта кетейік, рейтингтің алғашқы ондығын Австрия, Финляндия, Грекия, Исландия, Ирландия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Швейцария және Ұлыбритания елдері иемденген.

Мақпал Рысбаева