Қаладағы коммуналдық мекемелер жылу беруге  дайын. Абай ауданындағы 453 көпқабатты  тұрғын үйдің 415-і орталық жылу жүйесіне қосылған болса, 38 қөпқабатты үй жеке қазандықтан жылу алады.

Бүгін Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов  «Тұрлан» шағынауданындағы К-54 қазандығында болып, маусымға дайындығын тексерді.

Қазандықтың жауапты маманы Ибрагим Неғматовтың  айтуынша,  1984 жылы  пайдалануға  тапсырылған қазандық 26 көпқабатты түрғын үйдегі 502 абонентті жылумен қамтуға қауқарлы. Тұрғын үйлерден бөлек, жылу қазандығынан  2 балабақша, 9 емхана және 1 жекеменшік мектеп жылу қабылдайды. Екі қазандықтың біреуі резервте, қандай да ақау орын алса, екіншісі іске қосылады.

«Аталған мекемелердің жылу жүйелеріне сығымдау жұмыстары жүргізіліп,  жылу қабылдауға  дайын»,-дейді аудан басшысы.

Шынар Оразова