Әскери бөлімдегі қару ұрлығы: Прокурор командирге 10 жыл түрме жазасын сұрады

125

Прокурор қару ұрланған әскери бөлім командирін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Үстінен 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған Ержан Даутовқа қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Тергеу амалдары соңына жетіп, бүгін жарыссөз өтті. Және прокурор қару ұрлады деп сотталған сержант командиріне 10 жыл беруді ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін әскери бөлімнен қару ұрлады деп сотталған Абылай Балғынбай өзін бұл іске Ержан Даутов жұмсағанын айтып шағымданған еді.

Командирден қорлық көрдім дегендер қатары Абылай Балғынбаймен бітпейді. Бүгін жарыссөзде Даутов тепкісінен мүгедек бола жаздадым деп тағы бір сарбаз сөйледі.

Азамат Алпысбай сөзінше командир теперішінен кейін көкбауырын алып тастаған. Содан бері жұмыссыз жүрген ол сотта өтемақы ретінде 20 млн. теңге талап етті. Оның 15 млн. теңгесі моральдық шығын болса, 5 млн. теңгесі материалдық шығын.

                                                                                           Назерке Үкібасова