Шымкентте 1-желтоқсаннан бастап жаңа автобустар қызмет көрсетеді

51

Шымкент қаласына тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан 590 автобус әкелінді. Жолаушыларды тасымалдауда барлық жағдай қарастырылған автобус, жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қалаға жаңа автобустарды көру үшін «T-bus» автопаркіне барды. Мұндағы барлық автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Сонымен қатар, автобустарда пандус мен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған.

Компания қоғамдық көліктерде метан-газын пайдалануда үлкен тәжірибеге ие. Маршруттарға үздіксіз қызмет көрсету үшін өндірістік-техникалық базасы мен автоматтандырылған газ толтыру станциясы бар.

1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74, 12 маршруттарында қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр 300 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда бұл автобустар халықтың игілігіне қызмет көрсетіп отыр.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі