Шымкенттіктер енді жаңа автобустармен қатынайды

535

Шымкенттегі Әл Фараби алаңында көпішілке қалаға жеткізілген жаңа автобустар таныстырылды. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Green bus company» ЖШС директоры Б.А.Күлішев және «Qazaq Banki» АҚ ОҚО филиалының директоры Қ.Н Құрбаналиева қатысты. Бұған қоса автобустарды газбен толтыратын компрессорлық станциясының да ашылу рәсімі өтеді деп күтілуде.

003

Мамандардың есептеуінше, күн сайын Шымкентте қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны 250 мың адамнан асады. Яғни қала халқының 31 % деген сөз. Дәл қазіргі таңда бұл салада 33 көлік компаниясы 86 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Оның ішінде:

59 автобус бағыты – 848 кесте бойынша;
27 шағын автобус 380 кесте бойынша қызмет көрсетеді.

004

Бүгінгі таңда «Green bus company» ЖШС Шымкент қаласының тарихында бірінші болып сығымдалған метан газымен жүретін, экологилық тұрғыда таза, сыйымдылығы мол 200 автобус алып отыр. Автобустардың жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайды. Ал автопарк базасының құны – 500 млн. тенге. Бастапқыда 500, кейін 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

002

Кәдімгі жанар-жағармаймен журетін автобустарға қарағанда бұл көліктер көмір қышқыл газын 80% пайызға дейін аз бөлетіні дәлелденді. Бұл экологияны сақтауға септігін тигізері сөзсіз. Себебі, экологтар қаланың ауасына зиянды қоспаның көбісін қоғамдық көліктер бөлетінін айтып отыр.

Бұл автобустарды «Green bus company» мекемесі әлемде автобус шығару саласында көшбасшы болып отырған Қытайдың «Ютонг», «Голден дракон» зауыттарынан сатып алған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gU0rnsHwOC0[/youtube]

120 автобустың ұзындығы – 10 метр, орындық саны – 33, жалпы сыйымдылығы – 85 адам, бағасы 85 мың АҚШ долларын құрайды.

80 автобустың ұзындығы – 8 метр, орындық саны – 25, жалпы сыйымдылығы – 70 адам, бағасы – 65 мың АҚШ доллары.

Жаңа автобустар диспетчерлік бақылауды реттеу үшін GPS бағыттаушыларымен және тегін WI-FI құралымен қамтылған.

001

Жаңа жолаушылар көліктерінің екі жылдық қызмет көрсету кепілдемесі бар. Бүгінде Шымкентке өндіруші зауыттың 5 маманы техникалық қызметкерлерді дайындауға келіп отыр.

2014 жылдың 6-ақпанда келісім-шарттарының әрекет ету мерзімдері аяқталған 5 бағыт бойынша (№19, №60, №76, №135, №74) ашық конкурс ұйымдастырылуда. Аталған конкурсқа «Green bus company» компаниясы үміткер ретінде тіркеліп отыр.

Осы автобустарға арналған газ құю бекетіні жеке инвесторлардың қаржысына салынды. Жалпы құны 5 млн. АҚШ долларын құрайды. Бекетте орналасқан заманауи құрылғылар бір мезетте 8 автобусты газбен толтыра алады. Табиғи метан газының 1 литрінің бағасы бүгінде 54 теңгені құрайды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі