№158 және №138 автобустары қай бағытта жүреді?

321

Шымкенте көптен күткен муниципалды автобус паркі ашылды. Бұл елдегі теңдесі жоқ жоба. Қазақстанда құрастырылған қоғамдық көліктердің әр қайсысы бір мезеттен 56 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.

Шымкентегі жолаушы тасымалындағы негізгі мәселелер көрсетілетін қызметің сапасыздығы, автобустарда жолаушыларды нормадан артық алу, жүргізуші мен кондукторлардың мәдениетсіздігі мен дөрекілігі. Енді жаңа ашылған Шымкент бас муниципалды автобус паркінде мұндай келеңсіздіктерге жол берілмейді. Мұнда жұмыс істейтіндер қатаң іріктеуден өтеді. Басты талап – жүргізушілерге шылым шегуге қатаң тыйым салынып отыр. Және олардың жалақылары соған сай жоғары болмақ. Белгілісі жүргізушілерге – 176 мың, ал кондукторларға – 100 мың теңге көлемінде жалақы төленбек. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осылай деді.

Судай жаңа көліктерде жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Шаһар басшысының айтуынша, жоспар бойынша Шымкентке жыл соңына дейін осындай автобустың тағы 1000 данасы жеткізілмек. Алғашқы жартыжылдықта 300-і алынып, бүгін қала көшесіне екі: №158,138 бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға шықты.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 27 көлік компаниясы жұмыс істейді. Олардағы техниканың басым бөлігі ескірген. Жолаушылар үшін қауіпті. Сол себепті алдағы уақытта жолаушы тасымалдау саласында тек бәсекеге төтеп берген компаниялар жұмыс жасайтын болады, – деді муниципалды парктің ашылуына арнайы қатысқан шаһар басшысы.

Алдағы жоспар электронды билеттеу жүйесін енгізу болып тұр. Жоспар іске асқан жағдайда жол жүру ақысы көлеңкелі айналымнан шығады. Ал кондукторлар тек жолаушылардың қауіпсіздігін ғана ойлайтын болады.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

«Оңтүстік Рабат», №26, 26 маусым 2019 ж