Шымкентте бүгіннен бастап ИВЛ аппараттары шығарыла бастады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгінде нарықта сұранысқа ие осынау құрылғыларды шығаруды қолға алған «Kazmedpribor» ЖШС жұмысымен танысты.
Айта кетейік, кәсіпорын Германия, Жапония, Корея компанияларымен бірлесіп, 300-ден астам медициналық бұйымдарды өндіреді. Қала әкімінің шілде айында серіктестік басшыларымен кездесуінде отандық ИВЛ аппаратын шығару бағытындағы жоспарлар талқыланған болатын.
Үш ай бойы осы бағытта жұмыстар атқарылыпты. Аптаның аяғына дейін алғашқы 88 ИВЛ аппараты жергілікті ауруханаларға жеткізілетін болады. Айта кетейік, биыл қаланың медициналық мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға 6,6 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаражат өткен жылмен салыстырғанда алты есе көп.
Мақпал Рысбаева