Шымкенттік полицейлер базарда киім ұрлаған азаматшаларды ұстады

98

 

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасына қала базарларындағы киім дүкендерінің бірінің сатушысы арызданған.

Өз арызында ол дүкенінен белгісіз тұлғалар әйелдер киімдерін ұрлап кетіп, оған 150000 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Абай ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Жедел басқару орталығының камераларының көмегімен Кентау қаласының 1972 және 1963 жылы туылған тұрғындарын анықтап, полицияға жеткізді.-