Шымкенттіктер дүркіретіп той өткізуді доғарар емес

211

Шымкенттіктер тиым салынса да, дүркіретіп той өткізуді доғарар емес. Қаладағы тағы бір тойханада отбасылық думан тоқтатылды.

Тіпті, мониторинг өкілдерінің айыппұлына тойхана иелері де пысқыруды қойған сыңайлы. Себебі той тоқтатылған мекемеге осыдан екі күн бұрын ғана ескерту жасалған екен. Соған қарамастан кәсіпкерлер отбасылық жиын ұйымдастыруды тоқтатпай келеді.

Пандемия басталғалы шымкенттік той ұйымдастырушыларына 300 рет айыппұл салынған. Айта кетейік, төтенше жағдайдан кейін отбасылық жиын үй ауларарында өткізіле бастады.

Әйтсе де, қаланың бас санитар дәрігері отбасылық думан, еске алу жиындарын өткізуге қаулы қабылдаған жоқ.

Назерке Үкібасова