«Төлемнің» әлегі…

168

Шымкенттік жолаушылар қоғамдық автобустардағы жолақы үшін «Төлем» арқылы 70 теңге, ал қолында картасы немесе электронды бағдарлама болмаса 100 теңге қолма-қол төлейді.

Ереже енгізілген алғашқы күн кемшіліксіз болған жоқ. Қанша уақыттан бері жырлап жүріп іске қосылған аппараттың шикіліктері де шықты. Бір автобустағы құрылғы картаны қабылдамай таң қалдырса, бірінде тіпті әлі күнге дейін іске қосылмаған. Кесірінен кей жолаушыларға 100 теңге төлеуге тура келген.

Шымкент қаласының тұрғыны: «Таңертең автобусқа мінгенімде интернет жұмыс істемей, карта қабылданған жоқ. Содан кейін 100 теңге төледім. Өзім қала ішінде жиі жүрем. Егер осылай жалғаса берсе, білмеймін не болатынын».

Былықтың болғанын жауапты компания өкілдері де мойындап отыр. Сөздерінше, қондырғы екі сағат бойы іске қосылмаған. Мұны олар байланыстың әлсіздігінен деп түсіндіреді. Егер келеңсіз жағдай тағы да қайталанса, бар шығынды өз мойнымызға аламыз деп отыр.

Серіжан Ақылбеков, жауапты компания өкілі: «Таңертең жетіден тоғызға дейін автобустағы аппараттар істен шықты. Байланыс жүйесінің әлсіздіген байланысты. Оны мойындаймыз. Егер осы жағдай тағы да қайталанса халыққа жолақысын төлемеуге болады».

Ал, жолаушылар болса қондырғыдағы былық тағы да орын алса, жолақысын тіпті төлемейміз деп бекініп отыр.

Назерке Үкібасова