70 жастағы әжейді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен тәртіп сақшысы лауазымынан босатылды

158

Шымкентте 70 жастағы әжейді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен тәртіп сақшысы лауазымынан босатылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оның басы байлы ішкі істер органдарынан қуылғанын білдірмейді.

Айта өтейік, 17 желтоқсан күні Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің кіребересінде зейнеткерді ер кісі зорламақ болған. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті 20 желтоқсан күні ұсталды.

Арам пиғылын жүзеге асырмақ болған күдіктіні қолға түсірген полицейлердің бірі онымен селфиге түсіп, ол сурет әлеуметтік желіде әп-сәтте тарап кетті. Кейінірек қалалық Полиция департаментіндегілер тәртіп сақшысының үстінен қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

QAINAR KÓZәлеуметтік желілер