Қазақстанда ресейлік вакциянаны шығару жоспарлануда. Бұл туралы кеше еліміздің денсаулық министрлігі мәлімдеді.
Жауаптылар сөзінше препарат жасау басталған. Айта кетейік, келу қауіпі бар пандемияның екінші толқынына тағы 6 млрд. теңге бөлінді. Шенеуніктер болжамынша келесі толқын тек жаңа жылдан кейін басталуы мүмкін.
Қатерлі індеттің қайта күшеюінен қауіптенген жауаптылар тағы да әуе рейстерін қысқартыпты. Бұған дейін қазақстандық ұшақтар Түркияға аптасына 20 рет қатынайтын. Бүгіннен бастап бұл рейстер екі есе қысқарып, 10-ға азайды.
Еске салайық, жауаптылар соңғы күндері коронавирустың елімізде тағы 10 пайызға көбейгенін айтқан еді.
Назерке Үкібасова