Деструктивтік діни ағым мүшелері мерекелік жиын өткізгені үшін жауапқа тартылмақ

161

 

2020 жылғы желтоқсан айында Шымкент қалалық Полиця департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында карантин шектеулерін бұзған бірқатар жайттар анықтады.

Атап айтқанда, деструктивтік діни ағым мүшелері үйінде туыстарын жинап, мерекелік жиын өткізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, тиісті мекемеге жолданған.

Құрметті қала тұрғындары індеттің таралмауы өз қолымызды. Карантин ережелері мен талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.