Кентау полицейлері отбасылық жанжал шығарушыдан есірткі тәркіледі

116

Кентау ҚПБ кезекші бөлімінің 102 пультіне Алтынсарин көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде жанжал шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен оқиға орнына Кентау ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы С. Абдунасиров әріптестерімен бірге шықты.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жанжал шығарған бұзақыны яғни Кентау қаласының тұрғынын ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Тінту кезінде ер адамнан белгілі бір хош иісі бар есірткі ұқсас заты бар пакет табылып, тәркіленді.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген өсімдік тектес есірткі жалпы салмағы 30 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткіні заңсыз сақтағаны және таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Егер сіз осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз немесе есірткінің заңсыз айналымына байланысты жайттар туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.