Карантин режимі мен шектеу шараларының қолданылуы жағдайларында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібінде өзгерістер бар.
Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 03.12.2020 жылғы № 44 «Шымкент қаласының аумағында карантинді және шектеу шараларын ұзарту туралы» Қаулысына сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде қашықтықтан жұмыс істеу нысаны 21.12.2020 жылға дейін сақталады.
Осыған байланысты, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мүгедек адамдарды қолдаудың қосымша шараларын қабылдады.
Мүгедектік мерзімін ұзарту жағдайында қайта куәландырудан өту үшін көрсетілетін қызметті алушы азаматтар «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық өтінішпен және тиісті құжаттармен жүгіне алады. Сараптамалық қорытындының нәтижесін (мүгедектігі туралы анықтаманы растау) электрондық — цифрлық қолтаңбаның көмегімен «Электрондық үкімет» веб-порталының жеке кабинетіңізден ала аласыз. Ал мүгедектік, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың түпнұсқасын және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын Шымкент қаласының аумағында шектеу шаралары, оның ішінде карантин шаралары тоқтатылғаннан кейін алуға болады.
Алғаш рет мүгедектікті анықтау үшін қызмет алушы құжаттарды қайта куәландырудан өтуі қажет азаматтар сияқты ұсына алады.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны алуда қиындық туған жағдайда және тиісінше электрондық өтініш беру мүмкіндігі жоқ азаматтар қайта куәландырудан өтетін азаматтарды қоспағанда, күндізгі куәландырудан өте алады.
Аталмыш түсіндірілімдер департаменттің facebook, Іnstagram және Telegram парақшаларында да бар.
Төрехан Даутов,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы