«NUR OTAN»: ШЫМКЕНТТЕ 42 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

206

«Nur Otan»-ның тындырымды тірліктері таусылмақ емес. Үгіт-насихат науқанындағы кездесулер легі Мардан Сапарбаев институтында жалғасуда. Сайлаушылармен кездесу барысында үміткерлер Жадыра Танатарова, Талғат Балтабаев, Байкен Аширбаев және Марат Сапарбаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын баяндап, әлеуметтік саланы дамыту бойынша кеңінен насихаттап қайтты.

«Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш салады. Қазір 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77658 оқушы, оның 35798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары. Осы сынды күрмеуі қиын мәселелерді шешу мақсатында «Nur Otan» партиясы үш негізгі бағытта жұмыс жүргізеді: мектеп тапшылығын жою, білім сапасын жақсартуға көңіл бөлу, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайту», – деді үміткер Марат Сапарбаев.

Сондай-ақ, еліміздің басты саяси күші – «Nur Otan» партиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды материалдық көмекпен 100% қамтуға жәрдемдесетнін айта кетейік. Кездесуге қатысқан Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының игі істерін қолдайтындарын атап өтті.

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

Біздің жерлестеріміздің көпшілігі «Nur Otan» партиясына сенеді.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерін іске асыра отырып, республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Біз әрқашан біргеміз!

«Nur Otan» нақты істер партиясы!
«Nur Otan»-ға дауыс бер!

Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.