«Отырар» телеарнасының тілшісі «Үздік жастар-2020» сыйлығының иегері атанды

293

Шымкент қаласының «Үздік жастары» анықталды. Жыл соңында ҚР-ның Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 29 номинация бойынша мараппатталды.

Аталмыш жастардың арасында «Отырар» телеарнасының жас журналисі Ақерке Анарқұлова да бар. Еңбек жолын осыдан 2 жыл бұрын бастаған ол, жастар арасындағы бірқатар мәселелерді қаузап, қаламы қарымды қаламгерлердің қатарына қосылды.

Жас та болса алғыр, талапшыл, қоғамдағы өзекті мәселелерді өткір қозғап жүрген Ақерке болашағынан үлкен үміт күттіреді.