Шымкент қаласы Әль-Фараби ауданының аумағына қарасты А. Байтұрсынов, А. Әлімбетов, Наурыз шағынаудандарының тұрғындарымен Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Е. М. Омаров кездесті.
Жиында кандидат сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын баяндады.
Көп қабатты үй тұрғындарының айтқан әлеуметтік мәселелері негізінде 15-ке жуық талап-тілек жасақталды. Мәселелердің көбі инфроқұрылым мәселері туралы қозғалды. Сондай-ақ, елдегі жемқорлықты жою мен жастарды жұмыспен қамту жайында сауалдар қойылып, жауап берілді.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.