Шымкент: Әрбір тұрғын интернет сапасын анықтай алады

87

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміз бойынша өңір, қала, ауыл-аймақтағы шалғай жерлердегі интернет желісінің нақты сапасын білу және қосылу жылдамдығы төмен аудандарды анықтау мақсатында bailanysbar сервисінің іске қосылғанын жариялады.

Сервис арқылы қаланың, тіпті, ең шалғай ауыл тұрғындары геолокацияны бөлісе отырып, интернетке қосылу жылдамдығын оңай әрі жылдам тексеріп, мониторинг жүргізе алады. Ол үшін «PlayMarket» және «App Store» платформаларынан қосымшаны жүктеуі керек. Сондай-ақ, сервис «браузер» мен «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді.

Айта кетейік, BTS Digital Қазақстандық цифрлық компаниясының мамандары әзірлеген бұл қосымша елімізде интернет сапасына жүйелі мониторинг жүргізуге жасалған алғашқы қадам болып отыр.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы