Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

383

 

27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова үш қызды дүниеге әкелді. Осылайша жыл басынан бері Шымқалада алтыншы үшем жарық дүние есігін ашты.

Лейла, Лейсан және Луизу есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшемдер қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туған.

Операцияны орталықтың білікті акушер-гинкологы Сауле Дүйсенбиева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болыпты.

Үшем мен анасы 20 күн бойы қалалық периналдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайы жақсарған анасы мен сәбилері бүгін
перзентханадан үйіне шығарылады.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы