Шымкентте 12 жасар оқушы сегізінші қабаттан құлап кетті

131

Оқыс оқиға 22 желтоқсанда сағат 21:30 шамасында болған.

2008 жылы туылған оқушы  «Шымсити» шағынауданындағы сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, аман қалды. Қазіргі таңда ол «Асар» шағынауданындағы қалалық балалар ауруханасында ауыр халде жатыр. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Қайғылы оқиға болған кезде ата-анасының қайда болғаны және ол көп қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен кезде баланың жанында кім болған, тәртіп сақшылары осыны анықтау үстінде. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.

Көршілерінің айтуынша, сол күні кешке пәтерде әкесі де, шешесі де болмаған. Болжам бойынша, жарақат алған баланың анасының туыстарының бірі қараған. Алайда бұл ақпаратқа ресми түсініктеме жоқ.