Шымкентте бас шыршаның шамы жарқырайды

215

Бүгін Шымкенттегі бас шыршаның шамдары жанады. Жылдағы дәстүр бойынша шырша Астана алаңында орнатылды. Дәл сол күні сағат 19.00-де Оңтүстік телеарнасында тікелей эфирде нағыз көз қуантып, көңілге шуақ шашар ғажайып сәт басталады.

Қаланың жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағуға арналған салтанатты көріністің негізгі кейіпкерлері, әрине, балалар болмақ. Барша жан асыға күтетін сүйікті мерекенің сәнін кіргізіп, шаттығын еселейтін де, осынау қуаныштан балбұл жанған балдырғандар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңажылдық әшекейлермен, шырша, киіз үй бейнесінде мүсінделген түрлі пішіндермен, шыршаға ілінетін алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген алаңға 30-дай отбасы жиналады.

«Қазіргі ахуалға байланысты әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, отыз отбасы шыршаны айнала сап түзейді. Бұлардың қатарында әртүрлі кәсіп иелері, алуан діннің өкілдері мен үлкен-кіші азаматтар бар. Олар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, отбасы құндылықтары мен дәстүрін бейнелейді», – дейді ұйымдастырушылар.

Салтанатты шараның соңында Қазақстан эстрада жұлдыздары Шымкент туралы жаңажылдық әнді бірлесе шырқайды