Шымкенттік БАҚ өкілдері марапатталды

157

Шымкентте БАҚ кеңесінің биылдыққа соңғы отырысы өтті. Оған қатысу үшін қаланың телеарна, газет және ақпараттық портал өкілдері келді.

Қала әкімінің бірінші орынбасарымен өткен кездесуде қаланың бүгінгі жағдайы мен тілшілердің тіршілігі жайлы сөз қозғалды. Осыдан кейін қаланың қалам ұстап жүрген бірқатар журналистері марапатталды. Бірі Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына, енді бірі қала әкімінің алғыс хатына ие болды.

Назерке Үкібасова