Шыңғыс Мұқан перзентханаға гүл алып барды

198

Тәуелсіздік күні қалалық перинаталдық орталықта босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мұхан Шыңғыс, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Позилов Бақытжан мейрам күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды арнайы құттықтап барды.

Мереке күні босанған аналардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар мен ойыншықтарды тарту етті. Тәуелсіздік күні өмірге бала әкелген аналардың көзінен ерекше қуаныш байқауға болады. Балаларын құшағына басқан аналар бақытты.
Құттықтаулармен қоса, сый-сияпатқа да бөленіп, қуанышқа кенелді.

Айта кетейік, демографиялық өсім жағынан Шымкент елімізде алдыңғы орында тұрған өңір. Демографиялық дүмпу бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты. Үшінші мегаполисте биыл жыл басынан бері 28605 сәби дүниеге есігін ашқан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш мың балаға артық. Ағымдағы жылдың он бір айында дүниеге келген сәбилердің арасында егідердің де өсуі байқалады. Биыл жыл басынан бері 274 егіз және 6 үшем туылды.