Жоғалған екі бала аман есен үйлеріне оралды

153

 

2020 жылдың 11 желтоқсан күні 21 сағат 38 минутта Арыс қаласының №7 Өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Қожатоғай ауыл округі, Қарағайлы елді мекенінде 2 бала жоғалып кеткені бойынша хабар түскен.

Дабыл бойынша қала әкімінің басшылығымен шұғыл топ құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздестіру шараларына 114 азамат, 69 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 2 бала 2020 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00 шамасында табылып, ата-анасына табысталды.

Бүлдіршіндердің денсаулығы қалыпты.

Іздестіру шараларына қатысқан барша қызметкерлерге, еріктілерге, балалардың аман-сау оралуына тілектес болған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

QAINAR KÓZАрыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі