Алматы облысының тұрғыны гашишпен ұсталды

63

 

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Сарыағаш АПБ-нің полиция қызметкерлері Сарыағаш-Шымкент тас жолы бойында орналасқан жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде есірткі сақтаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер Алматы облысының тұрғыны, күдіктіні тінту кезінде оның сөмкесінен хош иісті, құрамында есірткі заты бар өсімдікті тауып тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткі жалпы салмағы 65 грамнан асатын гашиш болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қазіргі уақытта есірткіні сақтау және тасымалдау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайларын, сондай-ақ ер адамның есірткі құралдарын қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау мен таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жаза көзделгенін еске салады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын нашақорлықтан бас тартуға және есірткіге байланысты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егер, сіз есірткі құралдарын сақтау және заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі