Бір топ ата-ана мен қызметкерлер Шымкенттегі №36 «Ерке-наз» балабақшасының бүлдіршіндерге беретін асы нашар дейді. Бөбекжай тәрбиешісінің сөзінше, мұндағы балаларға 2 тауық санының сорпасын біріншіге, ал етін бұқтырылған арпа үстіне себелеп береді. Ал, мұнда 150-ге жуық балақай тәрбие алады. Оған қызметкерлерді қосыңыз.
Тәрбиешілердің айлықтарынан тамақтары үшін ақша алынады, бірақ бұл асты ішпей үйден алып келеді екен. Онысын басшылыққа айтуға қорқады. Болмаған соң мына кадрларды түсіріп, ата-аналар чатына жіберген.
Қалима ҚАЗЫБАЕВА, ата-ана: «Біреуі аш келеді. Біреуі мүлде тамақ ішпейді үйге келсе. Не үшін? Перловканы суға бұқтырған сияқты бере саған. Оның бетінде ет те, тас та жоқ. Сәбіз деген толы ішінде. Тамақты тамақ жемегендей сұрайды. Сағат алтыға да жетпей алып кетеміз. Төртте ішкен бала бес жарымда тоқ болуы керек. Ол тоқ келмейді. Үйге келгенше дүкеннен нан алып жеп қайтамыз. Е, үйге келгенше шыдай алмай жылап келеді».
Бұдан бөлек, балабақша меңгерушісі тәрбиешілерге күнде жиналыс өткізіп, жер-жебіріне жетіп балағаттап, қол жұмсауға дейін барады екен. Соңғы жиналыста бір қызметкерінің денсаулығы нашарлап жедел-жәрдеммен алып кетіпті. Айлығымыз үйге жетпейді деген қызметкерлер, балаларға ойыншық пен мекеменің әрлеуіш заттарын өздері сатып алатындарын жеткізді.
Шәрбат САУРЕКОВА, тәрбиеші: «Менде «записьте» бар. Бәрімізде бар. «Хайуансың» деп айтты. Үш тәрбиешіге де айтты. «К…. қысып тұр» деді. Кешіріңіздер анайы айтсам. Мен оны айта алмаймын. «Сендер педагог емессіңдер, хайуан, малсыңдар» деді. Тұрып алып блакнотымен ұрды. «Уволю к чертовой матери» дейді. «Мына есіктен кірсең, мына есіктен шығасыңдар» дейді. Қорқытады. Кеше түстен кейін жинап алды. Екі қыз сөйледі. Екеуінің де аузын жауып тастады. Ешқайсысымыз сөйлей алмаймыз».
Тәрбиешілер меңгерушінің балағат сөздерін диктофонға жазып алған. Олардың сөздерінше, аудиожазбада балабақша меңгерушінің сөзі және бұл қызмткерлерге қалыпты жағдай болып кетіпті.
Балабақша меңгерушісінің әуесқой жазбаға басылған дауысы: «Сен не деп былжырап тұрсың маған. Хайуан, е хайуан не деп былжырап тұрсың сен маған. Бұл сенің қаржылық дәптерің емес пе? Мына қолың сенің неге қалам ұстайды? Неге хайуанның қолы қалам ұстайды?! Соған жауап берші маған? Сендер хайуансыңдар ма, адамсыңдар ма? Бір жеріңе тығып қой кешіріміңді. ….. тығып қой».
Ата-аналар мен тәрбиешілер жиналған жерге бөбекжай меңгерушісі де келді. Ол барлығын теріске шығарды. Сөзінше бұның барлығы арандатушылық. Ұялы телефонына әлдебіреу «2 млн. теңге берсең, ата-аналардың, қызметкерлердің де үнін шығармаймын» деген көрінеді.
Зина МОЛДАҚҰЛОВА, Балабақша меңгерушісі: «Мұның барлығы ұйымдастырылып отырған нәрсе».
— Ұратыныңыз рас па?
— Мен ешкімді ұрған емеспін.
Сонымен қатар, бұл жерге білім басқармасының да өкілі келді. Ол ата-аналарға тамақ бойынша басқармаға арыз жазуларын сұрады. Бұл бойынша комиссия құрылып, шешім қабылданады деді. Ал, балағат сөздер мен қол көтергені үшін тәрбиешілер құқық қорғау органдарына арыз тастады.
Бірақ ата-аналар меңгерушіге сенуден қалған. Себебі, бұдан бұрын да Шымкент қалалық білім басқармасына арызданыпты. Айтуларынша, басқарма басшысы Жанат Тәжиеваның өзі балабақшаға келген. Оған да сенбейміз деген ата-аналар мен тәрбиешілер бас педагогтың мұнда туыстары жұмыс істейтінін алға тартады.
Енді «меңгеруші жұмыстан кетсін» деп бір ғана талап қойып отыр. Кетпесе балаларымызды балабақшаға жібермейміз деп бекініп отыр.
Олжас Айдарбек