Úı Jańalyqtar Композитор Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына арналған ән кеші өтеді

Композитор Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына арналған ән кеші өтеді

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Қызылжар мәдениет үйінде композитор Кеңес Дүйсекеевтің 75 жылдығына арналған «Қарағым-ай» атты ән кеші өтеді.

Ән кешінің мақсаты — композитор Кеңес Дүйсекеевтің өмірі мен шығармашылығын еске алып, композитордың әндерін насихаттау.

Мерекелік шараны ұйымдастырушы — «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы МКҚК-на қарасты Қызылжар, Жаңаталап мәдениет үйлері мен Көкбұлақ, Қайнарбұлақ, Ақжар клубтары.

Мерекелік кеш 29 қаңтар күні сағат 15:00-де басталады.