Қазақстанда 2021 жылы құжаттарды жасатудың құны қандай болады?

397

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі 2 917 теңгеге дейін өсті.

Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

Паспорт алу үшін мемлекеттік баж 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

Жеке куәлік рәсімдеу үшін 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге төлеу қажет.
Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.
Қазақстанда туу туралы куәлік рәсімдеуге ақша төлеудің қажеті жоқ — ол тегін беріледі. Бірақ акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру кезінде 0,5 АЕК, яғни 1 458 теңге беру қажет.

Неке тіркеу жас жұбайларға 1 АЕК немесе 2 917 теңге тұрады. Ал неке туралы куәлікті қайта жасату — 0,5 АЕК, 1 458 теңге.

Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж — 2 АЕК немесе 5 834 теңге.
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс дейгейі қандай?
Ең төменгі жалақы мөлшері — 42 500 теңге.
Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі — 18 524 теңге.
Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 43 272 теңге.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі — 34 302 теңге.