«Енді Қазақстанда университет дипломдары біркелкі болмайды». Осылай деген еліміздің бас ұстазы білім саласындағы жаңалықтармен бөлісті.
Асхат Аймағамбетов сөзінше бұдан былай әр университеттің өз құжаты болады. Осылайша білім және ғылым министрі әр оқу орнын брендке айналдыруды көздеп отыр. Және жалған дипломдардан арылу керек дейді.
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР Білім және ғылым министрі: «Сондықтан заңсыз немесе жалған құжат айналымына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Мәселен, білім берілгенін растайтын құжатты есепке алу және сериялық нөмірлері бойынша бір жүйеге келтіру үшін дипломдардың мазмұнына қатысты бірыңғай минималды талаптар қарастырылған. БҒМ-нің ақпараттық жүйесінде берілген дипломдардың депозитариі, реквизиттері болады, сондай-ақ Болон процесінің талаптарына сай Diploma Supllement беру қарастырылады».
Аймағамбетовтың айтуынша осыдан кейін университеттер сапаға жұмыс істейтін болады. Және талапкерлерге де таңдау еркі беріледі дейді бас ұстаз.
Назерке Үкібасова