Қоғам белсенділері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына кезекті мониторинг жүргізді

104

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Бұл тұста, мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Агенттік және оның аумақтық департаменттерімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Бұл бағытта, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы мәселелерді қарау бойынша қоғам белсенділерімен бірлесіп қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Бұл жолы, жұмыс тобы қоғамдық бақылауды №3, 6 және 13 қалалық емханаларында жүргізді.

Осы ретте, қызмет берушілермен тікелей пікір алмасу барысында қызмет алушыларға қызмет көрсетудің бизнес-процестері сақталып, алдын-ала брондау және электронды кезекке қою жүйесі арқылы қызмет көрсетіліп жатқандығы сөз етілді.

 

Сонымен қатар, мониторингтік топтың мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарауды және жұмыс орындарында қызметкерлер мен қызмет алушылардың медициналық бетпердемен, санитарлық-дезинфекциялық режимін қатаң сақтау қажеттілігін жеткізді.

Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.